Канадада 145 баланың әкесі көп әйел алғаны үшін айыпталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық Колумбия соты (Канада) 61 жастағы Уинстон Блэкморды көп әйел алғаны үшін айыпты деп таныды, деп хабарлайды Yahoo News.

Уинстонның 24 әйелі мен 145 баласы бар. Сондай-ақ оның бес әйелі бар бұрынғы балдызы да көп әйел алғаны үшін кінәлі болды.

Жергілікті заң бойынша, ер азамат бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Блэкмор 25 жылдың ішінде 24 әйелге үйленген. Ол Құдайдың әмірін орындадым деп мәлімдеді, деп жазды Интерфакс.

Судья оның шешімінің діни көзқарастарға қатысы жоқ екенін атап өтті, бұл тек көп некелілік мәселесіне қатысты. Барлық неке мормон дәстүріне сай жасалған.

Прокурорлар Блэкморды 20 жыл бұрын соттамақшы болған, алайда бұл істің діни тұрғыда қуғындау болып бағаланатынынан қауіптенген.

2011 жылы Британиялық Колумбия соты көп некеліктің соңы дінге сенушілердің бостандығын шектеу болып табылатындығын айтты.

Мормон шіркеуінің негізгі тармағы көп некеліктен бас тартқандығы аталып өтіледі.

Соңғы жаңалықтар