Канада тұрғыны ұлттық лотереядан 13,2 млн доллар ұтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канадада ұлттық лотереяның 17,6 млн канадалық доллар көлеміндегі ($13,2 млн) джекпоты ойнатылды. Бұл туралы жексенбі күні ұтыс өткізетін OLG компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түскен нөмірлер - 1, 8, 18, 24, 30 және 45. Бонус- саны - 13», - деп нақтылады ұйымдастырушылар. Қазіргі уақытта белгілі болғаны бақытқа кенелткен билет Онтарио провинциясында сатылған.

Бұдан басқа 1 млн канадалық доллар көлемінде ($760 мың) жұбаныш сыйлығы ойнатылған. Ол Британдық Колумбия провинциясының тұрғынына бұйырды.

Енді ұлттық лотереяның ережесіне сәйкес, ұтыс иесі билетін ұйымдастырушыларға міндетті түрде көрсетуі тиіс, мұнымен қатар жеңімпаздың кім екендігі жұртшылыққа айтылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар