Канада премьер-министрі: 4 провинцияда басталған коронавирустың екінші толқыны таралып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо 23 қыркүйек күні халыққа арнаған үндеуінде коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталғанын айтып, оның біріншісіне қарағанда ауыр болуы ықтимал екендігін ескертті.

«Төрт ірі провинциямызда басталған екінші толқын жан-жаққа таралып кеткен. Жағдай көктемге қарағанда әлдеқайда нашар болуы мүмкін», - деді ол CTV News телеарнасының эфирінде.

Премьердің айтуынша, наурыз айында ауру жұқтырудың 47 жаңа оқиғасы тіркелсе, 22 қыркүйекте олардың саны 1 мың адамнан асқан.

Трюдо «екінші толқынды бақылауға алу» мүмкіндігі әлі бар екенін атап өтті, ол үшін канадалық азаматтар маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап жүруі және тұмауға қарсы екпе жасатуы тиіс.

Worldometer мәліметінше, Канадада COVID-19 жұқтырудың 147,8 мың оқиғасы тіркелген, 9,2 мың адам қайтыс болды, 91,5 мыңнан астам пациент жазылып шықты.


Соңғы жаңалықтар