Канада пандемияның төртінші толқынына дайындалуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канада пандемияның төртінші толқынына дайындалуда. Ал Оңтүстік Корея қыркүйек айының соңына дейін ел халқының 70% иммундауды жоспарлап отыр. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Канада пандемияның төртінші толқынына дайындық жүргізуде. Елдің федералды үкіметі осы аптада Pfizer-BioNTech COVID-19 вакцинасының 2,3 миллионнан астам дозасын алуды жоспарлауда.

Денсаулық сақтау қызметкерлері коронавирустың төртінші толқынына әзірлік жұмыстарын бастап кетті.

Канаданың Бас санитариялық дәрігері Тереза Тэм вакцинация деңгейі ең жоғары шекті көрсеткішке жеткенге дейін карантиндік шектеулер алынып тасталса, ел пандемияның төртінші толқынына тап болуы мүмкін екендігін ескертті. Осы мәлімдемеден кейін үкімет COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның жаңа дозаларына тапсырыс берген.

Оңтүстік Корея ұжымдық иммунитет қалыптастыруға барынша тырысып бағуда. «Жақында COVID-19-ға қарсы толық немесе ішінара вакцинациядан өткен ел тұрғындарының саны 20 миллион адамға жетеді», - деді ел президенті Мун Чжэ Ин.

Президент вакцинация ауыр асқынулардың пайда болу қаупін және сәйкесінше өлім деңгейін төмендету үшін қажет екенін атап өтті.

Жаппай иммундау жоспарына сәйкес қыркүйек айының соңына қарай 36 миллионға жуық азамат COVID-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алады, бұл ел халқының 70% құрайды.


Соңғы жаңалықтар