+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Қамқорлық: Түркістан облысында мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр

2020 жылғы 19 ақпан 17:34
Бөлісіңіз:
Қамқорлық: Түркістан облысында мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Қамқорлық» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Азық-түлік себеттері таратылып, бірқатар отбасы мүшелері жұмысқа тартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібас ауданында «Қамқорлық» жобасы аясында мұқтаж деп танылған 93 отбасыға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы кедейшілік шегінен шығару шаралары жүйелі түрде іске асуда. Бұл шараларға жомарт жандар да атсалысып, олардың қатары күн санап артып келеді.

Ауданда жағдайы өте төмен отбасыларға бүгінгі күнге дейін «Феррум Констракшн» ЖШС, «Грамад» гипермаркеті және «Мадина» макарон фабрикасының демеушілігімен азық-түлік таратылып берілді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары, аудан кәсіпкерлері, округ әкімдері мен мекеме басшылары тарапынан да қолдау табуда.

Алдағы уақытта 93 отбасының ішінен тұрғын үйге аса мұқтаж отбасыны анықтап, оларға аудандық Абай атындағы мектеп-лицейінің 2000 жылғы түлектері үйдің кілтін табыстауды көздеп отыр.

Бұдан бөлек, аудандық «Мейірім» еріктілер тобы да «Харекет» қорымен бірігіп, «1000 теңгеге- баспана» жобасы арқылы үйге мұқтаж жандарға үй сыйлауды жоспарлауда. Қайырымдылық шаралардан бөлек, аудан әкімдігі тарапынан әр отбасылардағы азаматтарды жұмыспен қамту және өз кәсібін ашуға қолдау бағытындағы жұмыстар жандануда.

Ал, Сарыағаш ауданында жергілікті билік өкілдері тұрмысы төмен отбасылардың жағдайларымен танысуда. Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Мұхит Отаршиев Жібек жолы ауылдық округіндегі аз қамтылған тұрғынның үйіне арнайы барып, кездесіп қайтты.

Аудан басшысы ауылдағы кәсіпкерлерді тарта отырып, қажетті азық-түлікпен қамту, қайта оқу курстарына жолдама беру, әлеуметтік көмек көрсету сынды мәселелер бойынша тұрақты көмек көрсетіліп тұратынын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT