Камалиев жол бойындағы қызмет көрсету нысандары талапқа сай емес өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев жол бойындағы қызмет көрсету нысандары талапқа сай емес өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде республикалық жолдардың бойында қызмет көрсететін 1 738 нысан бар. Олардың 1 093-і немесе 63 пайызы Ұлттық стандарт талаптарына сай келеді. Ең төмен көрсеткіштер Маңғыстау облысында - 45, Павлодар облысында - 49 және Түркістан облысында 49 пайызды құрайды. Ал жоғары көрсеткіштер Атырау облысында - 81, Қостанай облысында – 75, Ақтөбе облысында – 74 пайыз», - деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, жол бойындағы сервис нысандарын дамыту бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша облыс әкімдіктері үшін рейтинг жасалады.

«Біз мүдделі тараптармен бірлесіп, 2025 жылы жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың 100 пайызын Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтіру жоспарын айқындадық. 2021 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 66 пайызға жеткізу қажет», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар