+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды

2021 жылғы 30 шілде 12:02
Бөлісіңіз:
Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев тәжікстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді»,-делінген хабарламада.

Қалмұханбет Қасымовтың Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылғаны туралы Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT