Калифорниядағы жол апатынан 10 мексикалық мерт болды

None
None
МЕХИКО. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Калифорния штатында сейсенбі күні болған ірі жол апатынан Мексиканың 10 азаматы қаза тапты. Бұл туралы Мексика СІМ-нің Солтүстік Америкадағы департамент басшысы Роберто Веласко өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, консулдық (Мексиканың) қызметкерлері қазіргі уақытта 10 мексикалықтың қаза тапқанын растады. Біз зардап шеккендерге көмек көрсету үшін билік өкілдерімен (АҚШ-тың) тығыз серіктестік орнатамыз», делінген хабарламада.

Калифорнияның оңтүстігінде қиыршық тас тасымалдап бара жатқан жүк көлігі 27 жолаушысы бар жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан. Оқиға орнында 14 адам мерт болды, тағы бір азамат ауруханада көз жұмды. Зардап шеккен басқа азаматтар ауруханаға жатқызылды, кейбірінің жағдайы ауыр.


Соңғы жаңалықтар