Калифорнияда тікұшақ электр желісіне құлап, үш адам қаза болды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Американың Калифорния штатында азаматтық тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Seymour Tribune агенттігіне сілтеме жасап.

Әуе кемесі сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-да Фэйрфилд қаласына жақын жерде апатқа ұшырады. Агенттіктің мәліметі бойынша, тікұшақтың бортында Pacific Gas & Electric компаниясының қызметкерлері болған.

Апат кезінде әуе кемесі электр беру желілерінің біріне соғылып, төбешікке құлаған, содан кейін өрт шықққан. Оқиға салдарынан осы аудандағы 38 мыңға жуық үй мен құрылыс жарықсыз қалды. Электр қуатын беру қашан қалпына келетіні әзірге белгісіз.

Оқиға орнына тікұшақтың құлауы салдарынан болған өртті сөндіруге бағытталған өрт сөндіру машинасы жолда аударылып қалды. Үш өрт сөндіруші түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Тікұшақ апатының мән-жайы анықталатын болады.


Соңғы жаңалықтар