+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Калифорнияда мектептегі атыс: 2 бала мерт болып, үшеуі жарақат алды

2019 жылғы 15 қараша 09:17
Бөлісіңіз:
Калифорнияда мектептегі атыс: 2 бала мерт болып, үшеуі жарақат алды

АНТА-КЛАРИТА. ҚазАқпарат – Калифорния штаты Санта-Кларита қаласында орта мектепте атыс болып, екі бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Таиландта ауа температурасы +13 градусқа төмендеп, 3 адам көз жұмды Ресейдегі ірі жол апаты: автокөлік 12 адамды қақты Одесса колледжіндегі өрт: Владимир Зеленский 8 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады

Лос-Анджелестен 40 миль қашықтықта орналасқан мектептегі атыстан 14 жастағы жасөспірім мен 16 жастағы бойжеткен қаза тапты. 14-15 жастағы үш мектеп оқушысы түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханада жатыр.

Оқ атқан осы мектепте оқитын Натаниэль Берхов атты оқушы болып шықты. Куәгерлердің айтуынша, сабақ басталардың алдында Берхов сөмкесінен тапанша алып оқушыларға, кейін өзінің басына оқ атқан.


Лос-Анджелес округінің полициясы оқ атқан оқушының ауруханада ауыр халде жатқанын хабарлады.

Әзірге оның не үшін оқушыларға оқ атқаны белгісіз. Полицияның мәліметінше, Берховтың сол күні туған күні болып, 16 жасқа толған.

Оның анасы мен сүйіктісі қазір полиция учаскесінде. Полиция оқиғаның не себепті болғанын анықтауға тырысып жатыр. Оқ атушы мен оның құрбандарын бір нәрсе ғана байланыстырады – олар бір мектепте оқиды.


АҚШ президенті Дональд Трамп Санта-Кларитада мектептегі атыс салдарынан балаларынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

«Біз қаза тапқандардың отбасылары мен достарына қайғырып, көңіл айтамыз және жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуі үшін дұға етеміз», - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.


Автор:

Татьяна Кудренок

Фото: edition.cnn.com

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT