+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Қалдық судан ауланған балық Көкшетау және Петропавл базарларында сатылған - прокуратура

2020 жылғы 19 мамыр 12:13
Бөлісіңіз:
Қалдық судан ауланған балық Көкшетау және Петропавл базарларында сатылған - прокуратура

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасымен уәкілетті органдар тарапынан браконьерлік фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 14 мамырда табиғатты қорғау прокуратурасының және Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері Зеренді ауданының Мырзакөлсор көлінде жалпы ұзындығы 5 шақырымнан астам балықшылар ауын тапты. Аудағы балық көлге жіберіліп, ау жойылды.

«Аталмыш қалдық судан жиналған тоғанда 1972 жылдан бастап Көкшетау қаласының сарқынды суы (шаруашылық-зәрнәжістік және өнеркәсіптік сарқындарының) жиналады. Тоғанда тұқы (карп) балығы бар. Оны балықшылар заңсыз аулап, Көкшетау және Петропавл қалаларының базарларында сатады.

Осыған байланысты, азаматтарды балық өнімдерін сатушылардың ветеринарлық анықтамалар мен зертханалық зерттеу актілерін ұсынғаннан кейін ғана сатып алуға шақырамыз», - дейді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кету керек, жыл басынан бері полиция қызметкерлері және Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары аңшылық ережесін бұзғаны үшін 190 тұлғаны, ал, балық аулау ережесін бұзғаны үшін - 272 тұлғаны анықтап, әкімшілік жазаға тартты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT