Қалалар мен облыстардағы 47 мың шақырым газ тарату желілері цифрландырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы инженерлік желілерін цифрландыру барысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы инженерлік желілерді цифрландыру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Бүгінгі күні шамамен елдің 2 миллион абоненті цифрландырылды. Газ құбырының магистральдық бөлігінің 19 мың шақырымы цифрландырылды. Магистральдық газ құбыры нысандарының 3D моделі жасалды», - деді министр.

Сондай-ақ пилоттық режимде Қостанай қаласының газ тарату жүйесі цифрландырылған.

2021 жылы қалалар мен облыстардағы 47 мың шақырым газ тарату желілерін цифрландыру, кеңістіктік деректерді цифрландыру және өзектендіру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар