Қала басшысы Павлодар аулаларын бір аптаның ішінде қардан тазалауға уәде берді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қаланың аулаішілік аумағында өтпе жолды қамтамасыз етуді талап етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңір басшысы коммуналдық қызмет пен қар тазалайтын ПИК жұмысын тексерді. Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, коммуналшылар бүгін қаланың орталық көшелерін - Кутузов, Торайғыров, Лермонтов, Академик Шокин және т.б.көшелерді тазалауды аяқтауда.

«7-ші және 8-ші қаңтар аралығында өтетін сенбілік кезінде қосымша техникалар: тиегіштер, жүк көліктері мен бульдозерлер іске қосылады», - деп мәлімдеді қала әкімі.

Сондай-ақ, Болат Бақауов пәтераралық аумақта өтпе жолды қамтамасыз етуді талап етті.  

null  

Соңғы жаңалықтар