09:15, 07 Тамыз 2017 | GMT +6
Каир әуежайына бомба табуға арналған рентген сканер орнатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каир халықаралық әуежайына кіреберіске жарылғыш затты табуға арналған рентген аппараттары орнатылады.
Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап «Әл-Ахрам» порталы хабарлады.
Жабдық әуежайдың екі басты кіреберісіне орнатылатыны атап өтіледі. Аппаратураны орнату «әуежайдың қауіпсіздік жүйесін барынша күшейту аясында» жүзеге асырылуда.