+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Кәдірбек Сегізбай: Бүгінгі сынаққа шыдап берсек, ертең жақсылық болары сөзсіз

2020 жылғы 1 сәуір 14:57
Бөлісіңіз:
Кәдірбек Сегізбай: Бүгінгі сынаққа шыдап берсек, ертең жақсылық болары сөзсіз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы қысылтаяң шақтан халық болып шыдап өтсек, арты жақсылыққа ұласары даусыз. Жасы сексенге таяп қалған жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәдірбек Сегізбай ел ішінде тараған індет қатері кезінде осындай пікір білдіріп, елді сабырға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл адамнан келген сынақ па, әлде Алладан келген сынақ па – жіп тағып біле алмаймыз. Қазір қазбалап оқып, көре берсең «жер бетінде адамдар көбейіп кетті, қайтсек азайтамыз» деген әңгімелердің де шеті шығады. Алла сақтасын. Екінші жағынан мұны адам жасады деп ойлай алмаймыз. Бұл – жер бетіне келген сынақтың бір үлкен түрі. Әсіресе мектепке барып, ойын ойнап жүрген жас балаларға қиындау тиіп отырғаны рас. Қалай болғанда да бүгін бала-шаға, кәрі-жас болып, бұғып үйде отырмыз. Дегенмен Алланың пейілі кең. Амандық болса бұл індеттен де құтылармыз. Түбі бір жақсылық болар деп ойлаймыз», - дейді жазушы ҚазАқпарат тілшісіне.

Кәдірбек Сегізбай сағат сайын теледидарға үңіліп, құрбандықтың болмауын тілеп отырғанын айтады.

«Науқастар мен кісі өлімі көбеймей, ауыздықталар деп тілеп отырмыз. Менің ең бірінші ырза болатыным – медицина мен полиция қызметкерлері күн-түн демей, халықтың қорғаны болып тұр ғой. Оларды түсінбейтін, қашып-пысып қаладан кіріп жатқандар да бар. Қалай болғанда да оларды дұрыстап жазалау керек! Өйткені ондай адам өзі ғана ауырып қоймай, ағайыны мен туған-туыстарына, керек болса бүкіл халыққа қауіп төндіреді», - дейді ол.

Жазушы «жұт жеті ағайынды» дегендей індеттің таралуымен бірге ел экономикасы иек артып отырғанын мұнай бағасының құлдырауына қатысты да пікірін білдірді.

«Коронавируспен бірге алпауыт мемлекеттердің бір-бірімен келісе алмауы да әлемдік экономикаға қалай әсер етіп жатқанын оқып, көріп, біліп отырсыздар. Бұл жағдай біздің елдің кірісін мейлінше азайтып отыр. Бұған да төзу керек. Қазақ халқы не көрмеген?! Бастан талай-талай қиыншылықтарды өткерген, «мың өліп, мың тірілген» деп Жұбан ағамыз айтқандай ашаршылық пен жоқшылықты да көрген елміз. Жердің астындағы қазынаға қарағанда жердің үстіндегі қазынаға - ғасырлар бойы бабаларымыз жолға қойған ауыл шаруашылығына дұрыстап көңіл бөлсек деймін. Азық-түліктің азаюы әзірге сезіліп тұрған жоқ. Қорымыз бар деп жатыр. Халыққа қажетті үлес беріліп, дәрігерлерге көтерме ақы табысталуда. Осының бәрі де дер кезінде жасалып жатқан шаруа деп ойлаймын. Әсіресе полиция қызметкерлерінің ұйқы-күлкі көрмей, қала шетін күзетіп, көшелерді аралап жүргенінің бәрі – халық үшін жасап жатқан қамқорлық деп ойлаймын», - деді Кәдірбек Сегізбай.

Ақсақал сөз соңында халыққа сөзін арнады.

«Бұл сынаққа да шыдармыз. Сексенге таяп қалған адам ретінде халыққа айтарым: қай уақытта болсын үйде отырып, осы қысылтаяң шаққа шыдап өтсек, барлық жақсылық артынан болар деп ойлаймын. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деп түйді жазушы.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.




Фото: adebiportal.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Қоғам, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT