«Кабар» агенттігінің Бас директоры «ҚазАқпаратты» құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстанның «Кабар» агенттігінің Бас директоры Кубанычбек Таабалдиев «ҚазАқпарат» агенттігінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Құрметті қазақстандық достар, әріптестер! Сіздерді «ҚазАқпарат» агенттігінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бұл агенттік ғасыр бойы бүкіл әлемге сенімді ақпарат таратып келеді. Оның халықаралық деңгейге көтерілгені де бекер емес, сол себепті де ол «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі деп аталады. Бұл Қазақстанның жетістігін білдіреді. Сіздің жетістіктеріңізбен әлемнің барлық елдері таныс. Біз арамыздағы достық қатынасты ерекше бағалаймыз. Сіздерге, агенттіктеріңіз бен бүкіл Қазақстанға мықты денсаулық, толағай табыстар және ең бастысы – тұрақты даму тілейміз. Мерейтойларыңыз тағы құтты болсын!», - делінген Кубанычбек Таабалдиевтің құттықтауында.


Соңғы жаңалықтар