+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу университетіне жаңа ректор тағайындалды

2021 жылғы 20 сәуір 18:26
Бөлісіңіз:
Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу университетіне жаңа ректор тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу университетіне жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы келді Алматы Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен еліміздегі ең ежелгі техникалық университеттің ректоры лауазымына Мейрам Мұхаметрахимұлы Бегентаев тағайындалды», - делінген ЖОО сайтында.

Университет ұжымына жаңа ректорды таныстыру жиынына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұхтар Дәуленов онлайн форматта қатысты.

«Ректор міндетін уақытша атқарған Амандық Қуатұлына зор алғыс айтамын. Ол аз ғана уақыт ішінде университеттің дамуына мол үлес қосқаны сөзсіз. Сондай-ақ Мейрам Мұхаметрахимұлына жаңа лауазымда сәттілік тілеймін», – деді вице-министр.

«Сәтбаев Университетінің ректоры болу мен үшін үлкен мақтаныш және үлкен жауапкершілік. Маған көрсетілген үлкен сенім үшін зор алғыс айтамын және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда әріптестерімнің достық көмегіне сенемін», – деді Мейрам Бегентаев өз кезегінде.

Мейрам Бегентаев 1974 жылы туған. ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымдағы депутаты. 2001 жылдан бастап ол жоғары білім беру жүйесінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды. Павлодар қалалық мәслихатының III-IV шақырылымдарының депутаты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен (2005), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2008).

Соңғы екі жылда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT