+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Junior Eurovision: Ержан Максим сахнаға нешінші нөмірмен шыққысы келетінін айтты

2019 жылғы 15 қараша 15:16
Бөлісіңіз:
Junior Eurovision: Ержан Максим сахнаға нешінші нөмірмен шыққысы келетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Польшаның Ливице қаласында өтетін Junior Eurovision музыкалық байқауында ел намысын қорғайды. Осыған орай бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтіп, Ержан байқауға қалай дайындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Бауырсақ-балапанға дауыс берейік» -Димаш Ержанға қолдау білдірді Junior Eurovision: Ержан Максим қазақстандық және шетелдік БАҚ сұрақтарына жауап берді Реттік нөмірім – 10: Ержан Максим өзіне дауыс беруге шақырды

«Менің дайындығым өте жақсы, керемет. Енді қазақ елінің атынан бара жатқаннан кейін аздаған қобалжу бар. Не боларын көреміз», - деді Ержан.

Сонымен қатар ол Австралия, Польша елдерінің өкілдерін өзінің басты қарсыласы санайтындығын айтып, байқауда 6-шы болып өнер көрсеткісі келетіндігін айтты.

«Конкурстарға қатысқанда үнемі 6 саны түсетін. Алдағы уақытта қандай түсетінін білмеймін. Алты саны түссе деп үміттенемін. Осы 6 саны түскен байқауларда мен әрдайым бас жүлде аламын - «Славян базары«, «Бақытты балада« және басқа да байқауларда», - деді ол.

Баспасөз мәслихатына қатысқан Ержанның анасы Гүлмира Әлібек те ұлы үшін қобалжып жүргенін айтады.

«Баласы атқа мінсе, анасы үйде тақымын қысады» демекші, мен де қобалжып жүрмін. Мен ғана емес, бүкіл қазақ елі Ержан үшін қобалжып, қолдау білдіріп отыр деп ойлаймын. Себебі, көптеген адам қолдауларын білдіріп, тілектерін, баталарын беріп жатады. Отбасымыздың атынан баршаңызға ризашылығымды білдіреміз. Балам жауапты байқауға бара жатқаннан кейін қатты уайымдап, қобалжып жүрміз. Алла сәтін салса бәрі жақсы болады деп ойлаймын«, - деген Гүлмира Әлібек Ержанның сахна төріне «Біссіміллә«, деп бір Аллаға сыйынып шығатынын айтты.

Айта кетейік, 18 қараша күні Junior Eurovision музыкалық байқауының ашылу рәсімі өтіп, жас әншілер арасында жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол арқылы Ержанның «Арманыңнан қалма« әнімен сахнаға шығатын реттік нөмірі анықталады. Байқаудың финалы 24 шарада өтеді. Байқау ережесіне сәйкес жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беруі мен құрамына 3 ересек және 2 бала кіретін байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT