Junior Eurovision байқауына қатысатын 12 жасар Қарақат Башанованың бейнеклипі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы Junior Eurovision байқауына қатысып, Қазақстанның намысын қорғайтын 12 жасар Қарақат Башанованың бейнеклипі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте өткен ұлттық іріктеу финалына еліміздің түкпір-түкпірінен келген он екі бала қатысқан еді. Олардың арасында Алматы облысы Рысқұлов ауылынан келген Қарақат Башанова жеңіске жетті.

Жас әнші финалда әкесіне арналған «Forever» әнін орындады. Композицияны өткен жылы Junior Eurovision-де өнер көрсеткен Ержан Максимнің «Арманыңнан қалма» әнінің авторы Хамит Шанғалиев шығарды.

Қарақат көрермендердің және қазылар алқасының дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз деп танылды.

Енді Қарақат Қазақстанның атынан Польшада өтетін халықаралық гранд-финалда өнер көрсетеді. Оның жаңа клипіне ұлттық іріктеуде орындаған «Forever» әні арқау болған.

Айта кетейік, Junior Eurovision байқауы 29 қарашада онлайн өтеді. Онда әлемнің 13 елінен 9-14 жас аралығындағы жас вокалистер бақ сынайды.

Қазақстан сайысқа үшінші рет қатысады.



Соңғы жаңалықтар