«Jas Otan» өкілдері дәрігерлер мен коммуналдық қызметкерлерді құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері елордада нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерекелік акция аясында жасотандықтар коммуналдық қызметкерлер мен дәрігерлерге күн сайынғы еңбегі үшін алғыс айтты.

«Соңғы оқиғаларға байланысты коммуналдық қызметтегі нәзік жандар мен дәрігерлер күрделі жағдайда жұмыс істеп жүр. Күнделікті еңбегімен дәрігерлер адамдардың өмірін құтқаруда. Ал коммуналдық қызметкерлер ауа райына қарамастан ерлермен бір қатарда елорда көшелерін қардан тазартып, қаламыздың келбетін көркейтіп жүр. Сондықтан жасотандықтармен бірге оларға алғыс айтып, мерекемен құттықтауды жөн көрдік», - дейді «Jas Otan» ЖҚ атқарушы хатшысы Жанат Чукеев.

Науқан аясында көктем мен мерекенің белгісі ретінде қызғалдақтар мен тәттілер таратылды.

Шара соңында жастар қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, қызғалдақтар сыйлады.


Соңғы жаңалықтар