Jas Otan Ақмола облысында 25 мың жастың жұмысқа орналасуына көмектеспек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Jas Otan» жастар қанатының Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешов өңір жастарын жұмыспен қамту бағытында қандай шаралар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 4,9 мың студент жұмысқа жұмылдырылды. Жалпы алсақ, 2,7 мың азамат педагогика саласына, 700-ге тарта азамат денсаулық саласында жұмысқа орналасты. Алдағы бес жылда жыл сайын біз «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдарға 600 азаматты жіберуді көздеп отырмыз», - деді Сұлтанбек Бекешов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Jas Otan» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіретін студенттермен кездесу өткізеді.

«Осылайша бес жыл ішінде біз ауылдарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 3,6 мың азаматты жібергелі отырмыз. Жастарды жұмыспен қамту аясында «Жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде 1,8 мың азамат тәжірибеден өтіп, оның мың жарымы жұмысқа орналасты», - дейді ол.

Сұлтанбек Бекешов бұл тәжірибе жалғасын табатынын мәлім етті.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында жылына 700 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Осылайша 5 жылдың ішінде Ақмола облысында 25 мың жас маманның жұмысқа орналасуына көмектессек дейміз», - деп түйді ол.


Соңғы жаңалықтар