18:02, 19 Маусым 2020 | GMT +6
Израиль президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек жазылып кетуін тілейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль президенті Реувен Ривлин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ривлиннің Twitter парақшасына сілтеме жасап.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек жазылып кетуін тілеймін. Біздің екі ел керемет қарым-қатынасты жалғастырып келеді», - деп жазды Реуван Ривлин.
Бұрын хабарлағанымыздай, бейсенбі күні Елбасының коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оның науқас екенін анықтады . Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулап жатыр.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығын медицина қызметкерлері бақылап отырғанын хабарлады . Оның айтуынша, алаңдауға негіз жоқ.
Елбасы заманауи коммуникация құралдарын пайдаланып қашықтан жұмыс істеп жатыр.