Іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды – ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 307 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3 307 қылмыс жасалды, оның 2 207-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 34 қарақшылық пен тонауды және 511 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз.

Сонымен қатар ресми өкілдің атап өтуінше, бір апта ішінде жедел алдын алу іс-шаралары барысына іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды.


Соңғы жаңалықтар