Іздеу салынған қостанайлық оқушыны волонтерлер тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – 9 қазан күні үйінен шығып кеткен 12 жасар қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоғалып кеткен Диана Громыко Қостанай қаласындағы Абай көшесінен табылды. Оны волонтерлік ұйымның өкілі көріп қалып, полицияға қоңырау шалған. Қазір оның жағдайы жақсы, анасына тапсырылды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Диана Громыконың үйінен не үшін шығып кеткені белгісіз. Полиция мәліметінше, ол қала ішінде қыдырып жүрген. Түнде тұрғын үйлердің кіреберісіне барып, түнеп шыққан.

Осыған дейін, Қостанайда 12 жасар қыз жоғалып кеткенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар