Із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қостанайлық бойжеткеннің денесі табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 25 тамыз күні жұмысқа кеткен Евгения Казачук із-түзсіз жоғалған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының полициясы ҚР ҚК 99-бабы «Өлтіру» бойынша соталды тергеуді бастады.

«Бойжеткеннің денесін полицейлер оның жұмыс орнынан 150 метр жердегі орман алқабынан тапты. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды, сол арқылы өлімнің себебі анықталады», - деп мәлімдеді полициядан.

Ертеректе хабарланғандай, 19 жастағы бойжеткен 25 тамыз күні Қостанай облысының Денисов ауданы Переписки ауылында жоғалып кеткен.

Ол жол жиегіндегі кафеде аспаз болып жұмыс істеген.

Евгения Казачукты іздеу жұмысына еріктілер жұмылдырылған болатын.


Соңғы жаңалықтар