ИЫҰ СІМ Кеңесі Қазақстан Президентінің бастамаларын қолдады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің Даккадағы (Бангладеш) 45-ші отырысының қорытындылары бойынша Декларация мен бірқатар қарарлар қабылданды, деп хабарлайды аталған ведомоствоның баспасөз қызметі.

«Құрылғанынан бері 40-тан астам жыл өткен соң ИЫҰ мұсылман әлемінің жан-жақты көпжақты құрылымы ретінде xалықаралық деңгейде өз абыройын нығайтуды жалғастыруда және Ұйым кеңістігінде xалықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен пайда болатын қауіп-қатерге қарсы тұру жөніндегі стратегиялық диалог бойынша әріптеске айналды», - деп белгіленген қорытынды декларацияда.

ИЫҰ СІМ Кеңесі «Тұрақты әлем, ауызбіршілік пен дамуға қол жеткізу үшін исламдық құндылықтарды ілгерілету» ұранымен өтті.

Қорытынды декларация мұсылман әлемінің өзекті мәселелерінің кең тізімін қамтыды.

Декларация мүше-мемлекеттерді өткен жылы Астанада ұйымдастырылған ИЫҰ-ның Ғылым мен теxнологиялар бойынша тұңғыш саммитінің қорытындыларын белсенді түрде жүзеге асыруға шақырады. Бөлек қарарда ғылым, теxнологиялар мен инновацияларды ілгерілету бағытындағы басымдықтар мен ұсынылатын іс-шараларды қамтитын Саммит кезінде қабылданған «2026 күн тәртібінің» рөлі көрсетілген. «ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерде ғылым мен теxнологияларды дамыту үшін стимул болатын» «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңызы мойындалған.

Ауыл шаруашылығы, сауда, туризм мен көлік бойынша СІМ Кеңесі қарарында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі исламдық ұйымның (АҚИҰ) Хатшылығын қысқа мерзімде іске қосқаны үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтылған. АҚИҰ 5-жылдық іс-шаралар жоспарын уақтылы және тиімді жүзеге асыру үшін лайықты шаралар қабылдайтын болады. Сондай-ақ, Қазақстан ұсынған «Исламдық инфрақұрылымдық интеграция бастамасын» іс-жүзінде жүзеге асыру мен ресурстарды жұмылдыру жөніндегі жан-жақты стратегиялық бағдарламаны («Жол картасын») жасауға қолдау білдірілген.

СІМ Кеңесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «ғаламдық дағдарысқа қарсы шешімдерді іздеуге қатысатын елдер санын кеңейту арқылы xалықаралық экономикалық саясатты айқындаудағы ең салмақты күш ретінде жаңа G-Global коммуникациялық платформасын құру» жөніндегі бастамасын құптады. Қарар «басқа мекемелермен үйлестіре отырып, Ислам Ынтымақтастығы ұйымы мен Ислам Даму Банкінің Бас xатшылықтарының G-Global платформасына қатысу мәселесін қарастыруға шақырады».

Бөлек құжатта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоғанның исламдық татуласу туралы бірлескен декаларациясына қолдаушылық танытылған. «СІМ Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ИЫҰ-ның қолдауын растайды және 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» ұрынымен өтетін VI съезіне ИЫҰ-ға мүше мемлекеттері мен халықаралық қоғамдастықтың діни көшбасшыларын белсенді қатысуға шақырады», - делінген тақырыптық қарарда.

Сириядағы жағдай бойынша қарарда ИЫҰ «саяси келіссөздер үшін тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында атысты тоқтату режімін нығайту, деэскалация аймақтарын құру және Астана процесі арқылы сенімді нығайту шараларын қабылдау ісіндегі Түркия, Ресей және Иранның күш-жігері мен ынтымақтастығын» құптады.

Қару-жарақты өңірлік бақылау және қарусыздану жөніндегі қарар «ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерден ғана тұратын бірінші аймақ болған» Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы келісімнің 2009 жылы 21 наурызда күшіне енуін қолдады. Құжат ядролық қарудан азат аймақтардың халықаралық-құқықтық мәртебесі туралы мәселені одан әрі пысықтау жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдайды. 2014 жылғы 6 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес мүшесі қол қойған Келеңсіз қауіпсіздік кепілдіктері туралы келісімге Хаттама өте жуық арада күшіне енеді деген сенім білдірілді.

Қазақстанның бастамасы бойынша бұрынғы Семей ядролық полигонына, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Арал теңізінің аймағын қалпына келтіруге арналған қарар қабылданды.

ИЫҰ ядролық қаруды толық жою туралы бөлек қарарда «Ядролық қаруға тыйым салу туралы конвенция қабылдау жолындағы маңызды қадам ретінде болашақта ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларациясын қабылдау туралы Қазақстан Республикасының бастамасын қолдайтындығы» көрсетілген.

ИЫҰ СІМ Кеңесі жұмысына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған Қазақстанның делегациясы қатысты. Даккадағы сессия барысында белгілі Қазақстан дипломаты Асқар Мусинов ИЫҰ Бас хатшысының Ғылым және технологиялар бойынша орынбасары лауазымына сайланды.

Соңғы жаңалықтар