Италияда торнадо салдарынан екі адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды

None
None
РИМ. ҚазАқпарат - Пантеллерия аралында болған торнадодан кемінде екі адам қаза тауып, тоғызы жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат La Repubblica газетіне сілтеме жасап.

Мэр Винченцо Кампоның, «әрине, бұл құйын үйлерді қиратып, сондай-ақ әр түрлі көліктерді зақымдады», - деген сөзін келтіреді басылым. «Біз бұл оқиғадан келген шығынды әзірге толық есептеп біткен жоқпыз».

Газеттің жазуынша, кем дегенде 10 көлік зақымданған.


Соңғы жаңалықтар