+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Италияда коронавирустың кесірінен өкпесінен айырылған жігітке «жаңа» өкпе салынды

2020 жылғы 2 маусым 17:55
Бөлісіңіз:
Италияда коронавирустың кесірінен өкпесінен айырылған жігітке «жаңа» өкпе салынды

МИЛАН. АNSA – ҚазАқпарат – Италияда COVID-19 салдарынан тыныс алу органынан айырылған 18 жастағы жігіттің өкпесі ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты Ғаламдық ауқымда коронавирустың таралу қарқыны тек қана өсіп жатыр – ДДҰ Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8 мыңнан асты

Бұл – Еуропада жасалған осындай алғашқы ота. Операция Миландағы ауруханада жасалды.

Франческо есімді жігітте 2 наурызда коронавирус инфекциясының белгілері пайда болған, 6 наурызда ол Миландағы Сан-Раффаэле ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. 23 наурызда жасанды қан айналымы құрылғысына қосылды.

Соған қарамастан, коронавирус инфекциясының ауыр түріне шалдыққандықтан оның өкпесі істемей қалды. Сәуірдің ортасында Сан-Раффаэле дәрігерлері науқастың өкпесін ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін осындай операция тек Қытайда жасалып келген. Бірақ, Миландағы өкпе трансплантациясынан кейін бірнеше күн өткен соң мұндай ота Венада да жасалды.

Мемлекеттік университеттің көкірек қуысы хирургиясы мектебінің басшысы Марио Нозоттидің айтуынша, операция күрделі болған. Енді жас жігіт ұзақ уақыт оңалтудан өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT