Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны 463-ке жетті

None
None
РИМ. ANSA-ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Италияның Азаматтық қорғау ұлттық қызметінің басшысы Анджело Боррелли елде коронавирустан 463 адам көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Италияда коронавирусқа шалдыққан адамдардың саны 7985-ке жеткенін хабарлады. Елде коронавирусқа шалдығудың 9172 оқиғасы тіркелген.

Осылайша, бүгінде Италия өлімге әкеліп соқтыратын жаңа типтегі вирусқа шалдыққандардың саны жағынан Қытайдан кейін екінші ел болды.

Сонымен бірге, Борреллидің айтуынша, елде 724 адам емделіп шықты. Бұл жексенбі күнімен салыстырғанда 102 адамға көп.

Еске сала кетейік, 21 ақпанда Италияда коронавирустан алғашқы адам қайтыс болды. 78 жастағы ер адам Қытайда пайда болған жаңа коронавирустың алғашқы еуропалық құрбаны болды.


Соңғы жаңалықтар