+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны Қытайдан асып кетті

2020 жылғы 20 наурыз 08:18
Бөлісіңіз:
Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны Қытайдан асып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны Қытайдан да асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте Италияда аталмыш дерттен 427 адам қайтыс болған. Сөйтіп ауру өршігеннен бері елде көз жұмғандар саны 3405 болды. Бұл Қытайда қаза тапқандар санынан 150 адамға көп. Жалпы алғанда, Италияда 41 мың адам вирус жұқтырған. Соңғы 24 сағат ішінде 5322 адамнан вирус табылған.

Қытай сарапшы дәрігерлерінің сөзінше, Италия билігінің COVID-19 індетімен күреске жұмсаған күш-жігері жеткіліксіз.

«Меніңше, Миланда қатаң карантин шаралары да көмектеспей жатыр. Қоғамдық көлік әлі жұмыс істеп тұр, халық қалада емін-еркін жүр. Қонақ үйде түрлі кештер ұйымдастырылады. Сосын сіздер маска кимейсіздер», - дейді Қытайдағы Қызыл жарты ай ұйымының өкілі Сунь Шуопэн.

Италия халқы екі аптадан бері оқшауланып өмір сүріп жатыр. Бастапқыда карантин 3 сәуірге дейін деп жоспарланған. Дегенмен ол әлі ұзартылады. Оның үстіне, үкімет тағы да қосымша шаралар енгізуге ниетті. Атап айтқанда, халықтың таза ауада жүріп-тұруына шектеу қойылады.

Сонымен қатар, азық-түлік дүкендерінің демалыс күндердегі жұмыс уақыты қысқармақ. Мемлекеттік органдардың көбісі қашықтан жұмыс істеуге көшіп жатыр. Жұмыс істеп тұрған банктер мен пошталарда қызметкерлер саны азаюда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT