Италия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейінгі үшінші орында

None
None
МИЛАН. ANSA-ҚазАқпарат – Азияда таралып, бірнеше адамның өмірін жалмаған COVID19 вирусы Италияға да жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Елде Венециядағы карнавал мерекесінің соңғы күндері тоқтатылды, коронавирусты жұқтыру жағдайларының өсуіне байланысты сәнгерлерге Миланға сән апталығына баруға шектеу қойылды.

COVID19 жаңа вирусынан Италияда алты адам қайтыс болды. Соңғысы – Милан қаласындағы Сакко ауруханасында көз жұмған 80 жастағы ер адам.

Өткен бейсенбіде ол жүрек ұстамасынан кейін Лодидегі ауруханаға жеткізілді, сол күні аталған жерге 38 жастағы ер адам, вирусқа жасалған тесті оң нәтиже берген инфекция жұқтырған алғашқы пациент түскен.

80 жастағы италиялық интенсивті терапия бөлімшесіне жіберілген және COVID19 вирусына тапсырған талдамасы оң нәтиже берген. Содан кейін оны Миландағы Сакко ауруханасына ауыстырған.

Сол аралықта Ломбардияның аймақтық үкіметі коронавируспен ауырған ер адам Цивилидегі Брешиа ауруханасында қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды. Вирустан көз жұмған жетінші факті расталмаған күйінде қалып отыр.

Азаматтық қорғау департаментінің басшысы Анджело Боррелли Италияда вирус жұқтырғандар саны 229 адамға жеткенін хабарлады.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Италия Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейінгі үшінші орында тұр.


Соңғы жаңалықтар