Италия байқаушылары Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италиядан келген халықаралық бақылаушылар - Италия депутаттар палатасының депутаты, «Бес жұлдыз» қозғалысының мүшесі Руссо Джиовани мен Италия депутаттар палатасының депутаты Андреа Дельмастро Делле Ведове Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Қазақстанға бірінші рет келіп отырмыз. Бүгінгі сайлаудың дайындығы мен ұйымдастыру деңгейі таңқалдырды. Сайлау процесінің пандемия жағдайында дұрыс ұйымдастырылғанын атап өту керек. Жалпы, мұндай пандемия кезінде саяси іс-шара, оның ішінде сайлау өткізу оңай емес. Қазақстандағы ұйымдастырушылар бұл істі тиянақты орындап отыр», - деді Руссо Джиовани.


Италиялық байқаушылардың мәлімдеуінше, сайлау учаскелерінде тәртіп және заң бұзу фактілері байқалмады.

«Италиялықтар Қазақстан халқы сияқты ашық. Біз мынаны атап өткіміз келеді - Қазақстан демократиялық дамудың өте жоғары деңгейін көрсетті және бізді таңқалдырды. Оны сайлаудағы белсенділіктен байқап отырмыз. Сайлау учаскелеріне барғаннан кейін біз ешқандай ереже бұзу әрекеттерін байқамадық. Біз «Астана Опера» театрына бардық. Пандемия жағдайында ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін көрдік. Бәрі де маска таққан және арақашықтық та сақталды», - деді Андреа Дельмастро Делле Ведове.


Соңғы жаңалықтар