Италия Ауғанстандағы ахуал бойынша G20-ның кезектен тыс саммитін өткізуді жоспарлап отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияның Премьер-министрі Марио Драги Ауғанстандағы ахуал бойынша әлемнің жетекші экономикаларын біріктіретін G20 саммитін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұл туралы бейсенбі күні елдегі екі жалпыұлттық газет жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италия биыл G20 саммитіне төрағалық етеді және кездесу қазан айына жоспарланған Римдегі саммиттен бұрын өтуі мүмкін, деп жазады Reuters la Repubblica газетіне сілтеме жасап.

Келесі аптада G7 тобы көшбасшыларының Ауғанстандағы жағдайға байланысты жалпы стратегия мен көзқарастарды талқылау үшін онлайн-кездесуі жоспарланған.

Еске салсақ, кеше БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем көрсететін ұйымдары Алматыға уақытша орналастырылатыны хабарланды.

Ауғанстандағы ішкі саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өзінің Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясын (UNAMA) және АИР-да аккредиттелген БҰҰ-ның басқа да агенттіктерін Алматы қаласына уақытша орналастыру туралы Қазақстанға өтініш білдірді.

Қазақстан мен БҰҰ-ның жан-жақты өзара іс-қимылы рухы шеңберінде және осы ұйымның толық құқықты мүшесі ретіндегі міндеттемелері аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ өтінішін қолдау туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар