+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

ІТ шешімдер сатып алу саласындағы жемқорлық проблемасын шеше алады

2020 жылғы 18 мамыр 12:44
Бөлісіңіз:
ІТ шешімдер сатып алу саласындағы жемқорлық проблемасын шеше алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, «QLT» ЖШС директоры Дәурен Сәліпов сатып алулар саласындағы жемқорлық тәуекелдерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сатып алу процесін электронды форматқа ауыстыру Қазақстанда барынша жақсы жасалған деп айтуға болады. Ақпараттық технологиялар тұрғысынан алып қарағанда бұл – электронды формат әрі саралау мүмкіндігі бар. Заңнама тұрғысында бұл – мүлдем басқа дүние. Мәселен, бір дерекөз орын алу мүмкін жемқорлық тәуекелдерін тыюға мүмкіндік береді. Ал ІТ тұрғысында барлығы траспарентті болуы тиіс. Яғни, адамдар сатып алу саласында не болып жатқанын, қандай мемлекеттік орган кімнен сатып алып жатқанын көріп отыруы тиіс», - деді ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында өткен онлайн брифингіде.

Оның атап өтуінше, жаңа технологиялардың көмегімен белгілі бір жеткізуші мен органның арасындағы өзара байланысты анықтап алуға болады. Айталық, бір органның басшысы жұмыс орнын ауыстырған кезде жеткізушінің де ілесіп бірге баратындығын анықтау қиын емес. Ал мұндай жұмысты жолға қою үшін мемлекеттік органдардың жүйелерінде өзара ықпалдастық болуы тиіс.

«Жүйелердің өзара ықпалдасуының болмауы үлкен проблемаға айналған. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік мәліметтер қорымен мәліметтер алмасу үшін қосылуға мүмкіндік беретін смарт жүйе бар. Жеке жүйелер мемлекеттік базадан ақпарат алу үшін бірігуді өтіне алады», - деді Д.Сәліпов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT