Испанияда соңғы 20 жылда болмаған қыс болып жатыр

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат – Орталық Испанияда күн бірден суытып, ауа температурасы -25°C-қа дейін төмендеді. Бұл әдетте қысы жұмсақ Иберия түбегіндегі соңғы 20 жылдағы ең суық түн болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Билік қарт адамдардың ешқайда шықпай, үйде қалуларын сұрайды. «Филомена» қар циклоны салдарынан қар көп жауған және тротуарлар мен жолдар мұз құрсанып, көлік пен жаяу жүргіншілерге қауіпті жағдай туғызған.

Суықтан жеті адам қайтыс болған, олардың екеуі – Барселонада үй-күйі жоқ адамдар.

Қар циклоны салдарынан электр қуаты үзіліп, қала маңындағы пойыздар және көптеген әуе рейстері тоқтап қалған.

Жағдай біртіндеп қалпына келуде.


Соңғы жаңалықтар