Испанияда Абай мен Үзейір Гаджибейлидің мерейтойларына арналған пошта маркалары шықты

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат - Испаниядағы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бастамасымен Абайдың 175 жылдығына және Үзейір Гаджибейлидің135 жылдығына орай пошталық маркалар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен және Испания Корольдігіндегі Әзербайжан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың 175 жылдық мерейтойына және аса көрнекті әзербайжан композиторы, музыкатанушы, Шығыстағы алғашқы опера және оперетта авторы, әзербайжан ұлттық музыкасының негізін қалаушы Үзейір Гаджибейлидің 135 жылдығына орай Испанияда Түркі әлемінің екі ұлы қайраткеріне арналған пошта маркалары шығарылды.

Абай мен Үзейір Гаджибейли, олардың шығармашылығының үлгілері, сондай-ақ түркі әлемінің мәдени құндылықтары мен ұлттық музыкалық аспаптары бейнеленген пошталық маркалар Испания бойынша айналымға шығарылды.

Маркілерді басып шығарудың мақсаты - халықаралық ауқымды аудиторияны Түркі әлемінің көрнекті тұлғаларының шығармашылығымен таныстыру.


Соңғы жаңалықтар