Испания вице-премьері коронавирус жұқтырды

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат – Cәрсенбі күні Испания үкіметі вице-премьер Кармен Кальво COVID-19 вирусын жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сейсенбі күні К.Кальво коронавирусқа сынама тапсырған. Бірінші тест індеттің жоқтығын көрсеткен. Бірақ дәрігерлер оны нақты қорытынды деп санауға болмайтынын айтқан. Солай, вице-премьерден тест тағы бір рет алынып, ол оң болып шыққан.

Испания үкіметінің хабарлауынша, 63 жастағы Кармен Кальвоның жағдайы жақсы, қазіргі кезде ол барлық қажетті медициналық көмекті алуда.


Соңғы жаңалықтар