Испания шілдеден бастап туристерді қабылдауға әзір
«Шілде айынан бастап шетелдік туристердің қауіпсіз жағдайда Испанияға келуі бұрынғы қалыпқа келтіріледі», - деп жариялады Санчес баспассөз мәслихатында.
Испания жыл сайын 80 миллионнан астам туристі қабылдайды, ал туризм – ел экономикасының ең маңызды саласы.
«Шетелдік туристер демалысын біздің елімізде өткізуді жоспарлай алады», - деп атап өтті министрлер кабинетінің басшысы.
«Испания туризмге мұқтаж, ал туризм саласында елге келу-кету бағдарында қауіпсіздік қажет. Біз туристер төніп тұрған қауіптің жоқ екеніне кепілдік береміз», - деп атап өтті Педро Санчес.
Бұған дейін Испания үкіметі жаңа коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге 15 мамырдан бастап келетін адамдардың барлығына екі аптаға карантинге жатқызуды қолға алатынын хабарланған.