Испания өмір сүру ұзақтығы рейтингінде Жапонияны басып озбақшы - Business Insider

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Алдағы 20 жылда Испания өмір сүру ұзақтығы бойынша Жапонияның орнын басуы мүмкін. Business Insiderбасылымының хабарлауынша, The Lancet ғылыми журналында жарияланған мақалада Еуропаның оңтүстігінде орналасқан бұл мемлекетте 2040 жылы өмір сүру ұзақтығы 85,8 жас болатыны айтылған.

«Ұзақ жылдар бойы Жапония өмір сүру ұзақтығы бойынша алда келеді. Дегенмен, жақында бұл орынға Испания жайғасатын болады. Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік туралы жаһандық баяндамасында да Испания халқының денсаулығы күннен күнге жақсарып келе жатқаны айтылады. Ал соңғы жүргізілген зерттеуде Испаниядағы өмір сүру ұзақтығы әлем бойынша бірінші орынға шығатыны жазылған. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Сингапур, Швейцария, Португалия, Италия, Израиль, Франция, Люксембург, Австралия кіреді»,  делінген мақалада.

Автордың айтуынша, зерттеу барысында 195 мемлекеттің мәліметтері ескерілген екен.null 

Ал Жапонияға келетін болсақ, ол елде енді жас аналардың жұмыс істеуіне мән бере бастапты. Айта кетерлігі, осы күнге дейін Жапония балалы әйелдердің жұмыс істеуіне қолайсыз мемлекет саналып келген еді. Ал The New York Times жариялаған мақалада бүгінгі таңда бұл көзқарастың өзгеріп жатқаны жазылыпты.

Мақала жарты күн жұмыс істейтін балалы жас ана - Хироми Отцукидің оқиғасынан басталады. Аптасына 15 сағат қана жұмыс істейтін оның мансабы өскен, бірақ өзінің айтуынша, компанияда оны жақтырмайтындар қатары көбейген.  

«Соңғы жүргізілген зерттеулерге сенсек, баласы бар әйелдердің  71 пайызға жуығы жұмыс істейді. Бұл осы күнге дейінгі ең үлкен көрсеткіш. Дегенмен, бұл сан өте үлкен проблемаларды жасырып тұр», деп жазады басылым.

Мақала авторының айтуынша, бұл проблемалар ер адам мен әйелдердің еңбекақысының әртүрлі болуына әсер етіп, әйелдің жұмыс мансабына кері әсер етеді.

«Премьер-министр Синдзо Абэ Жапонияның экономикасын қайта жандандыру үшін балалы әйелдердің жұмыс істеуіне мүмкіндіктерді арттыратынын айтты. Дегенмен, мемлекетте бұл бағытта прогресс баяу жүріп жатыр. Мысалы, Хироми жұмыс істейтін Isana.net компаниясы әйелдерге балаларын жұмыс орнына алып келуге рұқсат береді. Бірақ мемлекет бойынша ондай жағдай көп жерде жасалмаған. Бір жағынан, мемлекетте қызметкерлер азайып жатқандықтан, балалы әйелдердің жұмысқа тұру көрсеткіші арта беруі мүмкін», деп жазылған мақалада. 

Соңғы жаңалықтар