Испания мен Францияда күннің қатты ыстығынан өрт жиілеген

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропадағы рекордтың деңгейдегі температураға байланысты Испания мен Францияда өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Deutsche Welle баслымына сілтеме жасап.

Испанияның Каталония автономдық облысында өрт шықты. Өрттің ірі ошақтарының бірі Барселонадан 140 шақырым қашықтықтағы Бальдомар елді мекенінде орналасқан. Өрт 500 гектар орман аумағын қамтып, тағы 20 мың гектарға таралуы мүмкін. Францияда Лозер оңтүстік өңірінде орман өрті cөндірілді.

Өрттің қайта тұтану қаупі бар. Биыл екі елде де мамыр айы өте қатты ыстық болған. Соның салдарынан қыс пен көктемде жауын-шашынның аз түсуінен болған құрғақшылықты күрделендіріп жіберген.

Meteo France метеорологиялық қызметі хабарлағандай, сенбіде Францияның басым бөлігі жоғары температурадан зардап шегеді. Парижде 35 градус ыстық болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар