Испания коронавирусқа байланысты шекарасын жабады

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат – Испан билігі коронавируспен күрес бойынша шараларды күшейту аясында шетелдіктер үшін құрлықтағы шекарасын жабады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұл шектеу тек Испания азаматтары, тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар, шетелдік дипломаттар, сондай-ақ елге кіруге мәжбүр екенін дәлелдейтін жағдайы болғанда қолданылмайды.

17 наурыз күні түннен бастап және жоғары дабыл режімі аяқталғанға дейін испан азаматтарын, елдің резиденттерін және испан аумағында жұмыс істейтін шекара маңындағы аудандардың тұрғындарын қоспағанда, барлық шекаралар жабық болады.

Испан астанасында вирус жұқтырған 9000 адамның 300-ден астамы қайтыс болған.

Коронавирустың жаңа түрі каталондық женералитеттің басшысы Ким Торадан табылғаны белгілі болды. Саясаткер Барселонадағы резиденциясында карантинде жатып, жұмысы жалғастыра береді.

Кеше коронавирус Тораның орынбасары Пере Арагонестен анықталды. Бұған дейін бірнеше испан саясаткерінен коронавирус табылған болатын. Оның ішінде үкіметтің екі министрі, испан премьерінің жұбайы бар.

Қазіргі жағдайда Испания – әлем бойынша коронавирус жұқтыру жағдайы көп тіркелген Қытай, Италия мен Ираннан кейінгі төртінші мемлекет.


Соңғы жаңалықтар