+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Исландияда жаңа оянған жанартау сатылып жатыр

2021 жылғы 16 мамыр 22:24
Бөлісіңіз:
Исландияда жаңа оянған жанартау сатылып жатыр

РЕЙКЬЯВИК. ҚазАқпарат - Исландияда наурыз айының соңында оянған Фаградальсфьядль жанартауы тұрған жердің иесі жер телімін вулканымен қоса сатуға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Жер телімі құқығының бір бөлігі тиесілі Анна Тордис Гудмундсдоттирдің айтуынша, екі адам жанартауды сатып алуға ниет білдірген.

Мамандар вулкан көп жылдар белсенді күйінде қалуы мүмкін деп болжап отыр. Жанартау атқылай бастағалы бері жер иелері жаңа туристік орынға адамдардың еркін жетуін қамтамасыз ету үшін жергілікті билікпен бірге жұмыс істеген.

Исландияда көзге көрінерлік көрікті жер болса сонда кіріп-шыққандардан меншік иесіне ақы алуға заң рұқсат береді. Алайда елдің үкімет басшысы Катрин Якобсдоттир жанартау тұрған жерді мемлекет сатып алмайтынын, оны меншікке алғысы келетіндер болса осы орынға турист келуіне шектеу болмайтынын мәлімдеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT