Ішкі нарық отандық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жол салу көлемінің өсуіне байланысты битум өндірісі ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін (авиакеросин, дизель отыны, мазут, бензин) өндіру көлемі 11,5 млн тоннаны құрады.

Бұл жағдай карантиндік шаралардың енгізілуіне орай ішкі нарықта мұнай өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуіне байланысты туындап отыр. Мәселен, министрлік ішкі нарықтағы тауарлардың кідірісін болдырмау мақсатында мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай өңдеу жоспарын 17 млн-нан 15,5 млн тоннаға дейін түзетті, сондай-ақ дизель отыны мен әуе керосинін өндіру деңгейін төмендетті. Бұл ретте жол салу көлемінің өсуіне байланысты битум өндірісі ұлғайтылды», - деді министр.

Сонымен қатар министрлік саланы қолдау мақсатында мынадай бірқатар шаралар қабылдады:

- Қазақстан Республикасынан және Кеден одағы елдерінен тыс жерлерге автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйым алып тасталды;

- акцизделетін тауар өндірушілер экспортқа сатылатын бензин және дизель отыны бойынша акциздерді төлеуден босатылды;

- теміржол, автокөлік және құбыр жолдары арқылы Қазақстан Республикасының аумағына бензин, дизель және әуе отынын әкелуге тыйым салынды;

- мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензинге, дизель отынына және мазутқа кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері нөлге теңестірілді.

«2019 жылғы шілде айынан бастап тыйым алынған соң бензинді Еуропа және Орталық Азия елдеріне экспорттау басталды. 2020 жылы бензин бойынша экспорт көлемі шамамен 500 мың тоннаны, ал дизель отыны бойынша 180 мың тоннаны құрады. Қазіргі уақытта ішкі нарық отандық мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген», - деді Н. Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар