Ішкі істер министрлігі пиротехникалық бұйымдардың қауіпті екенін ескертті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі жаңа жыл қарсаңында пиротехниканы қолдану қаупі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті тұрғындар, алда жаңажылдық мереке келе жатыр және көңіл-күй көтеру үшін дәстүрлі шырша мен қыдырудан бөлек пиротехниканы қолданатындар бар. Қазірдің өзінде сауда сөрелері пиротехникаға толды. Кез келген пиротехникалық бұйымда жану немесе жарақат алу ықтималдығы болады», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.

Осыған байланысты, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдаланудың жолын кесу үшін 2021 жылғы 15 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін полиция бөлімшелері азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп «Пиротехника» жедел алдын алу шарасын өткізеді. Арнайы топтар пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, тасымалдау, тәртібін тексереді.


Соңғы жаңалықтар