Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді ауа райы нашарлаған кездегі қауіп-қатерді естен шығармауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, алдағы күндері республика аумағында күн суытады, сондай-ақ жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Метеожағдайдың нашарлауы туралы ескерту аумақтық полиция бөлімшелерінің басшыларына жіберілді.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ІІМ ауа райын ескере отырып, автокөлікпен ұзақ сапарды алдын ала жоспарлауға шақырады.

Құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударып, ауа райы нашарлаған кезде алыс жолға шығуды шектеуге, қажет болған жағдайда көліктің балама түрін пайдалануға кеңес береді.

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуына байланысты көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек.

Жолда күтпеген апаттың алдын алуға көмектесетін автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз.


Соңғы жаңалықтар