Ірі қара етін экспорттау 370 млн АҚШ долларын құрайды - Сапархан Омаров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ет экспорттау жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктің жоспарына сәйкес, биыл мал шаруашылығы өнімдері көлемінің қосымша өсімі 4,2 пайызға немесе 2,6 трлн теңгеге болжамданып отыр. Биылдың төрт айы бойынша жалпы өнім көлемі 656 млрд теңгені құрады, жалпы өнім индексі 2,2 пайызға артты. Барлық өңір бойынша жоспарлы индикативтер белгіленген және оған қол жеткізуге барлық мүмкіндіктер бар», - деді С. Омаров Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, мал шаруашылығы секторында негізгі шаралар ірі қара малының аналық басын көбейтуге бағытталған.

« 2018 жылдан бастап аналық мал басын сатып алуға арналған фермерлік шаруашылықтарды несиелендіру бағдарламасы басталды. Осы уақыт ішінде 1,5 мың фермерлік шаруашылық несие алып, мал сатып алды.Орта мерзімді перспективада трансұлттық компанияларды тарту арқылы зәкірлік кооперацияны дамыту міндеті бар. Фермерлік шаруашылықтарды құрудан күтілетін инвестициялар көлемі 350 млрд теңге және сиыр етін экспорттау 2025 жылы 370 млн АҚШ долларын құрайды. Фермерлік шаруашылықтармен 42 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады», - деп тоқталды министр.


Соңғы жаңалықтар