Иранның АҚШ базасына шабуылынан соң Токио қор биржасында баға құлдырады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Қарашадан бері Nikkei индексі алғаш рет белгіленген бағадан 23 000 пунктке төмендеді. Бұған Иран Ирактағы АҚШ әскері орналасқан базаға зымыран жіберіп, Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұруы әсер етіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Kyodo-ға сілтеме жасап.

Nikkei бірден 600 сатыға төмендеді. 10:00-дегі мәлімет бойынша Nikkei қаржы индексі 568, 43 пунктке немесе 2,41 пайызға түскен. Токио қор биржасындағы барлық Алғашқы секциялардың Токиолық акция индексі 38,79 пункт немесе 2,25 пайыз болды. Ол белгіленген бағадан 1686,26 пунктке төмен.

Nikkei индексі бір мезетте 22 950-ге дейін құлады.

Сейсенбі күні АҚШ Қорғаныс министрлігі Иран әскерилері Ирактағы АҚШ-тың әскери және коалициялық күштері орналастырылған екі әскери базаға оннан астам баллистикалық зымыран жібергенін хабарлады.

АҚШ пен Ирандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты мұнай фьючерсі бағасы өсті.




Соңғы жаңалықтар