Ирандық «Дутар» музыкалық аспабы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енді

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА – ҚазАқпарат – Колумбия астанасы Боготада өткен ЮНЕСКО әлемдік мұралар комитетінің мүшелері 14-отырысында Дутар музыкалық аспабын, ондай ойнау дәстүрін ЮНЕСКО тізіміне енгізді, деп хабарлайды ИРНА.

Дутар – ирандықтардың дәстүрлі екіжақты шертпелі музыкалық аспабы.

Ұзындығы 1150-1200 мм, алмұрт тәріздес резонаторы және қатты созылған грифті мойны бар түрлері де кездеседі. Сырты жұқа ағаш пластиналарын желімдеу арқылы жасалған. Дутардың 13-17 өзекті ладтары мен 2 жібек ішегі бар.

Бұрын Иран ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне иран музыкалық жазбаларын, Хорасандық музыкалық туындылар мен Каманчада ойнауды енгізген болатын.


Соңғы жаңалықтар