Иранда 8 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Иранда жаңа типті коронавирустан қайтыс болғандар саны 8012 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Елде 160 мың 396 індет жұқтыру оқиғасы тіркеліп, 125 206 науқас емделіп шықты. Бұл туралы бүгін Ислам Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур хабарлады.

«Соңғы тәулікте 3134 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді. Жалпы індет жұқтырғандар саны 160 396 адам болды» деді Джаханпур баспасөз конференциясында.

Ол соңғы тәулікте 81 адамның қайтыс болғанын және вирус жұқтырған 2557 науқастың жағдайы ауыр екенін атап өтті.

Жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсанында орталық Қытайдың халық тығыз қоныстанған Ухань қаласында пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны халықаралық дәрежедегі төтенше жағдай деп сипаттады.

ҚХР бөлек 200 елде вирус жұқтырған адамдар анықталды, оның ішінде Иран да бар.


Соңғы жаңалықтар