Иранда 5,8 балдық жер сілкінісі болды

None
None
ТЕГРАН. ҚазАқпарат – Иранда 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

5,8 балдық зілзала Иранның оңтүстігіндегі Кешм түбегінде болған. Жер сілкінісінің ошағы 13 км тереңдікте тіркелген. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат келіп түспеген.

Соңғы жаңалықтар